Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды

    Пәтерде блефаропластика жасап, пациенттің көзін зақымдаған «дәрігер» айыппұл төледі

    Пәтерде блефаропластика жасап, пациенттің көзін зақымдаған «дәрігер» айыппұл төледі

    Ақтөбе тұрғыны жалдамалы пәтерінде клиентінің көзіне екі мәрте блефаропластикалық ота жасап, мұның соңы ауыр зардапқа әкеліп соқты. Айыпкер 1 млн 235 мың теңге өтемақы төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Ақтөбе қалалық сотына үйде блефаропластика жасатқан соң қабағы жарылған азаматша материалдық және моральдық залал өндіру үшін жүгінген.

    Instagram әлеуметтік желісінде блефаропластика қызметі туралы жарнаманы көрген талап қоюшы 2023 жылдың 4 тамызында жауапкердің жалдамалы пәтерінде ота жасатқан.

    Операциядан кейін бір апта өткен соң талап қоюшы көздің ассиметриясын байқап, жауапкерге қайта хабарласып, 15 тамызда екінші рет ота жасатады.

    Екінші ота кезінде жауапкер оң көзі қабағаның терісін тым терең кескен және терісімен бірге төменгі кірпіктерді кесіп тастағандықтан, талап қоюшыдан қан кетуі тоқтамаған.

    Жауапкер жараны лазермен күйдіріп, қанды тоқтатып, қан кеткен жерді тігіп тастаған.

    Талап қоюшы конъюнктивит, ауырсыну және жас ағу салдарынан офтальмолог пен пластикалық хирургтарға жүгінуге мәжбүр болған.

    Қазіргі уақытта қабақтың толық жабылмауына, көздің және қабақтың үнемі ісуіне байланысты пациенттің сыртқы келбеті өзгергендіктен талап қоюшы жұмысты тастап, сәтсіз жасалған отадан кейін емдеу және оңалту шығындарын көтеруге мәжбүр болған.

    Сот істі қарау кезінде жауапкердің ауруханада фельдшер болып жұмыс істейтінін, оның пластикалық хирургия бойынша лицензиясы жоқтығын, тек сертификаты бар екенін анықтады.

    Жауапкер талап қоюшыға ота жасауға жұмсалған 80 мың теңгені өз еркімен қайтарған.

    Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына 235 мың теңге материалдық шығын және 1 млн теңге моральдық зиян өндірілді.

    Сот шешімі заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →