Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары мемлекеттен 1 млрд теңге жымқырған

    Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары мемлекеттен 1 млрд теңге жымқырған

    «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезінде алаяқтық жасалған, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен несиелік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталған.

    Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал келтірілді.

    Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді.

    Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →