Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды •

    Жыл басталғалы 350 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

    Елімізде атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны артқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

    «Әлеуметтік төлемдер отбасының табысына қарамастан тағайындалатынын атап өткім келді.Одан бөлек, отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс көлемі кедейлік шегінен төмен болған жағдайда, мемлекет қосымша атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді. Өткен жылы атаулы әлеуметтік төлемді 729 мың адам алды. Биыл жыл басынан бері 350 мың адамға тағайындалды. Бұл өткен жылға қарағанда 8,7 мыңға артық», — деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

    Сонымен қатар ведомство басшысы «Күміс жас» жобасы туралы әңгіме өрбітті.

    «Аталған жоба аясында 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Оның 50 пайызы әйелдер. Қатысушылар «Күміс жас» жобасын сәтті деп санайды. Биыл жобаға қатысу жас мөлшері 58-ден 50 жасқа дейін төмендеді. Жоба қатысушылары жұмыс берушілердің ұсынысын біліктілігіне қарай таңдай алады. Жалақыны мемлекет 3 жыл ішінде субсидиялайды», — дейді министр.

    Бұған дейін Тамара Дүйсенова 258 мыңнан астам жүкті және босанған әйелдердің әлеуметтік төлем алатыны туралы айтқан еді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →