Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты •

    Нью-Йоркте Imanbek-тің фотосы пайда болды

    Нью-Йоркте қазақстандық диджей Imanbek-тің фотосы пайда болды, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Жерлесіміз, «Грэмми» сыйлығының иегері Imanbek Times Square алаңындағы экранда жаңа туындысын жарналап тұр. Ол америкалық әнші Дэниел Тревормен дуэт құрған.

    Сондай-ақ, диджей Instagram парақшасында алғыс айтып, жаңа синглды тыңдауға шақырды.

    Иманбектің әлеуметтік желідегі жазбасының астына қолданушылар «Тек қана сәттілік тілеймін. Аман бол!», «Тіл көзден сақтасын», «Алға Иманбек, алға Қазақстан», «Біздің мақтаншымыз», «Жарайсың» деген секілді жылы лебіздерін қалдырған.

    Еске салайық, 2021 жылы қазақстандық музыкант Imanbek SAINt JHN атты әншінің «Roses» әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды.

    Ал былтыр Imanbek-тің туындысы 1 млрд мәрте тыңдалғаны үшін Spotify сыйлығын жеңіп алған болатын.

    Одан бөлек, Иманбек GQ журналының «Жыл жаңалығы» аталымын жеңіп алған еді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →