Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ •

    Қарағанды облысында 40 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды

    5 наурызда ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен ҰҚК 5-ші департаменті бірлесіп, Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға ұзақ уақыт бойы теріс әсер етіп келген қылмыстық топтың әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Qazaq.today Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Топтың мүшелері атыс қаруын қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырған. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған. Жедел деректер бойынша топ мүшелерінің саны 50-ге жуық, оның ішінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ күзет ұйымдарының қызметкерлері де бар.

    Көшбасшы мен топ мүшелері арасында нақты иерархия құрылған. Әрбірінің міндеті мен өз рөлі болған. Жасырыну шаралары қатты сақталған. Өткізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде өңірдің ірі өнеркәсіптік объектілерінде, оның ішінде “Арселлор Миттал Теміртау” Акционерлік қоғамында тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау фактілері ашылды.

    Топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды – бұл бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық. Арнайы операция барысында 100-ден астам тінту іс-шаралары жүргізілді, 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, гранатомет, тротил, гранаталар, құжаттар және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, қолма-қол ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қашықтан тыңдауға арналған арнайы техникалық тыңдау құралдары тәркіленді.

    Полицияға 40 адам жеткізілді. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →