Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады

Петропавлда 4-ші қабаттан секірмек болған адам құтқарылды

Петропавлдық құтқарушылар 4-ші қабаттан секірмек болған адамды аман алып қалды. Оны құтқару үшін арнайы операция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhу -на сілтеме жасап. 

СҚО Төтенше жағдай департаментінің дағдарыс жағдайындағы басқармасының жедел кезекшісіне Петропавл қаласының Береке шағын ауданында жас жігіттің өміріне қауіп төнгені туралы қоңырау түскен.

Сол сәтте ақпарат Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағына берілген. Оқиға орнына Айбол Отарбаев бастаған топ дереу жетті. Оларға көп қабатты ғимаратқа жету, бағдарлау және жұмысқа кірісу үшін бірнеше минут қажет болды.

«Біз оқиға орнына жеткенде 4-қабаттағы терезені ашып, жігіт шығып тұрды. Ол былапыт сөздер айтып, секіруге оқталды. Төменде тұрған полиция қызметкерлері онымен тілдесіп, райынан қайтармақ болды. Бірақ нәтиже шықпады. Мен уақыт оздырмай альпинистік жабдықты қолданып әрекет етуіміз керек екенін түсіндім. Жігіттермен 5-ші қабатқа көтерілдік. Басты міндетіміз – терезеге сырттан жақындап келіп, секірмек адамды ішке қарай итеріп жібреру болды. Бәрі мен үшін де, ол үшін де сәтті аяқталды. Өмірмен қоштасу оңай емес. Сондықтан, ешкім мұндай ақымақтыққа бармаса екен деймін», — дейді Айбол.

Айбол бұған дейін де талайды құтқарған. Жанып жатқан нысандардан адамдарды алып шыққан. Өзінің бұл әрекетін ерлікке баламайды.

«Құтқарушылар физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да мықты болуы шарт. Сондықтан, үнемі спортпен айналысамын. Мен доғары көтерілгенде әріптестерім жерде тұрды. Қандай да бір жағдай болса сақтандыру үшін. Оларға да алғысым шексіз. Бар міндетіміз – халыққа қызмет ету», — дейді ол.

Терезеден секірмек болған тұрғын арнайы есепке алынды. Онымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика