Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады •

    Парижде 10 мың жанкүйер Демеу Жадыраевқа қошемет көрсетті (фото)

    Парижде 10 мың жанкүйер Демеу Жадыраевқа қошемет көрсетті (фото)

    Франция астанасы Париж қаласында жазғы Олимп ойындарының аясында атлеттерге құрмет көрсету кеші өтті. Оған әр құрамадан жеңіске жеткен жүлдегерлер іріктеп алынды.

    Демеу Жадраев
    Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

    Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті таратқан мәліметке сенсек, біздің командадан бұл салтанатты шараға 77 келіде грек-рим күресінен күміс медаль иегері Демеу Жадыраев қатысқан.

    күрес
    Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

    «Сәлем, Париж! Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев чемпиондар саябағындағы атлеттерді құрметтеу кешіне қатысты. Францияда біздің спортшымызды 10 мыңнан аса адам күтіп алып, қошемет көрсетті!» дейді комитеттен.

    Демеу Жадраев
    Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

    Айта кетейік, кеше Демеу Жадыраев финалда жапониялық Нао Кусакадан 5:2 есебімен ұтылып, Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін қанағат тұтты.

    Демеу Жадраев
    Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

    Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко жарыстан кейін Демеу Жадыраевтың финалдағы белдесуі жайында пікір білдірді.

    Оның айтуынша, Жадыраевқа аздаған ептілік жетпей қалған.

    демеу
    Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

    Демеудің өзі де еліне алтын сыйлағысы келгенін, алайда соңғы сәтте жауапкершілік жүгі ауырлап, жеңісті уысынан шығарып алғанын айтып ағынан жарылған болатын.

    Олимпиада 2024
    Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК
    Демеу Жадраев
    Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →