Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    Париж-2024: палуан Демеу Жадыраев – күміс жүлдегер!

    Париж-2024: палуан Демеу Жадыраев – күміс жүлдегер!

    Грек-рим күресінен тәжірибелі палуанымыз Демеу Жадыраев (77 келі) Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алды.

    Ол финалда биыл Азия чемпионы атанған жапон Нао Кусакаға есе жіберді. Есеп: 2-5.

    Демеу Жадыраевты Олимпиаданың күміс жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тарихи белдесу болды. Тұтас халық Демеудің тілеуін тіледі. Отандастарымыз мұндай белдесуді 20 жыл күтті. Жадыраев бозкілемде барын салып, нағыз шебер палуан екенін көрсетті. Бұйырғаны күміс жүлде болды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар арасында Олимпия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алу – зор жетістік екенін атап өткім келеді.

    Жадыраев өзінің табандылығының, жеңіске деген ұмтылысының және еңбекқорлығының арқасында грек-рим күресінің миллиондаған жанкүйеріне нағыз мереке, ұмытылмас эмоция мен қуаныш сыйлай алды. Барлық жаттықтырушылар штабына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Төртжылдықтың басты додасындағы чемпиондарымызға жаңа жетістік пен жеңістер тілеймін!» — деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →