Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді

    «Вагон ыстық, шыдау мүмкін емес»: Өскемен-Алматы пойызында қария қайтыс болды

    «Вагон ыстық, шыдау мүмкін емес»: Өскемен-Алматы пойызында қария қайтыс болды

    «Өскемен-Алматы пойызында ата қайтыс болды. Ол вагондардағы ыстықты көтере алмады. Әйелі оны тамбурға шығарды. Сол кезде қария ауа жетпей, құлады. 13 жастағы немересінің көзінше қайтыс болды7 Пойыздың ішінде көмек көрсететін аптечка болмады», – деп жазды паблик.

    Қайғылы жағдай 1 тамыз күні Сарыөзек станциясында №351 «Өскемен-Алматы» пойызының басшысы жедел жәрдем шақырған. Денсаулығы күрт нашарлаған 74 жастағы жолаушыға жедел көмек қажет болған.

    «Жолсеріктер, жолаушылар және медицина қызметкерлері бірге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық мүмкін шараны қабылдады. Өкінішке қарай, жедел жәрдем бригадасы жолаушының қайтыс болғанын айтты. Пойызбен жүру кезінде жолаушы жолсерікке жүгінбеген және денсаулығының нашарлауына шағымданбаған. Жолаушы жұбайымен бірге Жаңғыз-төбе станциясынан Алматыға жетуді көздеген. Жұбайының айтуынша, ер адам демікпемен ауырған», – деп түсіндірді ҚТЖ баспасөз қызметі.

    Полиция аталған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

    Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →