Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент •

    Нұртас Адамбайдың соты кейінге шегерілді

    Нұртас Адамбайдың соты кейінге шегерілді

    Нұртас Адамбайға қатысты сот кейінге қалдырылды.  «Сот кабинетіндегі» ақпаратқа сәйкес, Адамбайға қатысты сот 1 тамызда түске дейін өтуі керек еді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Нұртас Адамбаевтың ісі бойынша сот отырысы белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды. Ешқандай процесс өткен жоқ», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

    Еске салайық, Нұртас Адамбайға діни қызмет туралы заңды бұзды деген айып тағылған болатын.

    Іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Нұртас Адамбайға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 4-тармағын бұзды деген айып тағылып отыр.

    Сонымен қатар, Сот кабинетінде жарияланған материалдарда осы баптың 1-бөлігінің 3-тармағы көрсетілген: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығару, басып шығару және (немесе) тарату.

    Аталған құқық бұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға – 50 АЕК мөлшерінде (184 600 теңге), заңды тұлғаларға – 200 АЕК мөлшерінде (738 400 теңге) айыппұл қарастырылған, сонымен бірге қызметін тоқтатуы керек.

    Істі тыңдау бейсенбі, 1 тамызда WhatsApp-тағы видеоконференция арқылы өтеді деп жоспарланған.

    Фото: Нұртас Адамбай/Facebook

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →