Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды • Республика күні қарсаңында: жеті жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге инвестиция салынды • Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасын қабылдады • Әлемдік мұнай бағасы қайтадан қымбаттады • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды • Республика күні қарсаңында: жеті жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге инвестиция салынды • Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасын қабылдады • Әлемдік мұнай бағасы қайтадан қымбаттады •

    Атырауда 18 жастағы тұрғын діни алауыздыққа шақыратын кітаптар таратқан

    Атырауда 18 жастағы тұрғын діни алауыздыққа шақыратын кітаптар таратқан

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Атырау облысында тыйым салынған діни материалдарды таратқан 18 жастағы тұрғын ұсталды. Күдіктіден діни алауыздыққа шақыратын діни кітаптар тәркіленді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімет еткендей, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері бірлескен жедел іздестіру іс-шарасын жүргізген. Сол кезде күдіктінің әлеуметтік желіде діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқаны анықталған.

    «Атырау облысының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің уақытша мекен-жайына тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра секілді айғақ заттар тәркіленді. Қазір күдіктіге қатысты қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу дерегімен қылмыстық іс қозғалды», -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →