Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды •

    Париж олимпиадасында екі қазақстандық төрешілік етеді

    Париж олимпиадасында екі қазақстандық төрешілік етеді

    Париж олимпиадасының төрешілер құрамына теннистен Қазақстаннан Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко кірді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Olympic.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан теннис федерациясының дерегіне сенсек, Меруерт пен Юлия – күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі мінбедегі төрешілер.

    Кәукеева мен Игнатченко үшін бұл екінші олимпиада болмақ. Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода төрелік еткені белгілі.

    Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайды. Сондай-ақ жұптық сында Бублик пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.

    Фото: Оlympic.kz / Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →