Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • Қарсақбай мыс балқыту зауыты: тарихқа толы 98 жыл, еңбек пен дәстүр сабақтастығы • «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады • Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • Қарсақбай мыс балқыту зауыты: тарихқа толы 98 жыл, еңбек пен дәстүр сабақтастығы • «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады • Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді •

    Еуропа чемпионатының финалында жеңілген Англия құрамасының бапкері қызметінен кетті

    Еуропа чемпионатының финалында жеңілген Англия құрамасының бапкері қызметінен кетті
    LONDON, ENGLAND - OCTOBER 17: Manager Gareth Southgate of England looks on before the UEFA EURO 2024 European qualifier match between England and Italy at Wembley Stadium on October 17, 2023 in London, England. (Photo by Richard Sellers/Sportsphoto/Allstar via Getty Images)

    Футболдан Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт қызметінен кетті. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    53 жастағы маман 2016 жылдың қыркүйегінен бастап команданың тізгінін ұстаған.

    «102 ойын өткізіп, сегіз жылға жуық уақыт құрама тізгінін ұстаған Гарет Саутгейт өзінің қызметінен кететінін мәлімдеді», — деп хабарлайды ұлттық құраманың Instagram желісіндегі ресми парақшасы.

    Англиялықтар Еуропа біріншілігінде биыл екінші мәрте ақтық сынға шыққан болатын. Алайда финалда Испания құрамасына 1:2 есебімен есе жіберіп қойған болатын. Ал Гарет Саутгейт Еуропа чемпионатының тарихында екі мәрте финалдық ойында жеңіліс тапқан бірінші бапкер болды. Ал Испания құрамасы өз тарихында төрт дүркін Еуропа чемпионы атанды.

    Осылайша Англия құрамасы халықаралық турнирлердегі жеңіліс сериясын одан әрі ұзартты. 1966 жылы өз үйінде болған әлем чемпионатындағы жетістігінен кейін Англия 58 жыл бойы түрлі додаларда топ жара алмай келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →