Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты •

    «Шөп шабуға көмектеспегені үшін өлтірген»: Атырауда түлектің өліміне айыпталған көршісі қамауға алынды

    «Шөп шабуға көмектеспегені үшін өлтірген»: Атырауда түлектің өліміне айыпталған көршісі қамауға алынды

    Атырауда түлекті өлтірді деп айыпталған күдікті ұсталды. Бұған дейін полиция оны тұтқындамаған. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Фото: Orda.kz

    Деректерге сүйенсек оқиға 4 шілде күні Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында орын алған. 19 жастағы көршісі 17 жастағы түлекті шөп шабуға көмектеспегені үшін өлтіргені туралы ақпарат тарады. Бұл факт бойынша полиция алғашында «Абайсызда өлтіріп алу» бойынша сотқа дейінгі тергеген.

    Бірақ 11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауы бойынша күдіктінің әрекеттері «абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қайта қаралып, ол қамауға алынды

    «13 шілдеде сот күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Істі тергеу барысы ерекше бақылауда», — деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.

    Ал марқұмның туыстары жігіттің абайсызда өлтірілмегеніне сенімді болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →