Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады

    Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған күдікті 22 жылға сотталды

    Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған күдікті 22 жылға сотталды

    Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімді зорлау және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған ер адамға қатысты қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    Сотта анықталғандай, айыпталушы 2023 жылдың тамызы мен қарашасы аралығында жасөспірім жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлап, жыныстық қатынасқа түскен және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

    Сотталушының кінәсі куәгерлердің берген жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен толық дәлелденген.

    «Сот сотталушы П.-ны ҚК-тің 120-бабының 4-бөлігінде, 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танып, педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігін қолданып, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген сот хабарламасында.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →