Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Stan.kz: Жаңалықтар мен сараптамалар Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды «Екі рет KeshYou-ді сатып алуға ұсыныс түсті»: Баян Алагөзова ел естімеген шындығын айтты Тоқаев Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Stan.kz: Жаңалықтар мен сараптамалар Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды «Екі рет KeshYou-ді сатып алуға ұсыныс түсті»: Баян Алагөзова ел естімеген шындығын айтты Тоқаев Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Желі қолданушысы Димаштың тойда ән айтқанына ренжіді (ВИДЕО)

Желі қолданушысы Димаштың тойда ән айтқанына ренжіді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде танымал жұлдыз Димаш Құдайбергеннің тойда ән айтқан видеосы тарады. Димаштың ән шырқап тұрғанын парақшасына жүктеген желі қолданушысы оның бұл әрекетіне көңілі толмайтыны айтқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Димаш тойға шығып жүр. Бұл тірлігі үшін ұялмай ма? Концертіне толық зал көрермен жинай алатын адам мұндай отырыстарда ән айтпауы керек. Әбден көңілім қалды», деп жазды ол.

Аталмыш видеоға пікір жазушылардың ойы екіге бөлінді. Бірі шынымен бұл әрекеті дұрыс емес десе, енді бірі жақын досының үйленіп жатқанын жарыса жазды.

«Димаш жақын досының тойында ән шырқап жатыр, білмей жатып сөйлемеңдер!», «Қазақстанда Димашты тойына шақыруға ешкімнің ақшасы жетпейді», «Тойларда ән айту сенің дәрежең емес. Оян, Димаш», «Досының өтінішін жерге тастамаған қарапайым бала ғой», «Димаш та ет пен сүйектен жаралған адам», деп жазды олар.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика