Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды •

    «Қайрат – хит зауыт»: Гүлзира Айдарбекова Димаш пен Қайратты салыстырды

    «Қайрат – хит зауыт»: Гүлзира Айдарбекова Димаш пен Қайратты салыстырды

    PR саласының белді өкілі жұлдызды бала-келіні Қайрат пен Жұлдызға қатысты сұрақтарға жауап берді. Желі қолданушылары әлі күнге дейін Димаш пен Қайратты не үшін салыстыратынын сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    “Сол бұрмалап айтқан монтаждалған өсекті жазып қоймайды екенсіздер. Елге хайп керек, ютубтарға оқырман керек. Димашты біз де бүкіл әлем де жақсы көреді. Ата-анасымен де араласамыз, ниетіміз түзу. Қалғаны өсек қана. Күндестің күні қараңғы, соңымнан еріп әлі жүр демекші, өсек не десеңізде. Бір айтқан сөзім, салыстырып тиісе берген соң, Қайрат Димаш бола алмайды, ал Димаш Қайрат бола алмайды дегенмін, ол рас, сөзге түсінер адам болса бұрмалап алмай, тіптен сіз де мен бола алмайсыз, ал мен сіз бола алмаймын, әр адам жеке тұлға. Біреуге ұқсауға міндетті емес, әр жанның өз әлемі өз өмірі бар. Құдай бүкіл пендесін өз ерекшелігімен жаратқан, тіптен бір ана бір әкеден туса дағы. Құдай миллиард адам болса, соның бәрін бір-біріне ұқсатпай жаратқан, бір уыс бетінің өзін, ол – Алланың шеберлігі. Бәйге аттың алар орнын көкпар аты атқара алмайды, ал көкпар аттың қызметін бәйге аты орындай алмайды, тура сол сияқты. Димаш әлемдік жұлдыз ал Қайрат – хит зауыт, 18 жыл сахнада болса, бір хит әнімен қалып қойған жоқ, сол жылдардың бәрі жылда әндері хит, оған ешкімнің таласы болмасын. Алланың берген бағымен таласыңыз болмасын”, – деп жауап берді продюсер.

    Сондай-ақ келіні Жұлдыздың да жағдайын біліп, араласып тұрасыздар ма деген сұрақты та жауапсыз қалдырмады.

    “Қалай жүрсе де, өз еркімен жүр. Уайымсыз болыңыз. Ешбір қыздан да келіннен де кем болып жүрген жоқ. 40-қа жақындап қалды. Еркі – өзінде, бәрі қолында тұр”, – деді Гүлзира Үсенқызы.

    Фото: inbusiness.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →