Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бишімбаевтың ағасы бас бостандығына шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат Қарағанды орталығында жаңа асфальт тас-талқан болып жатыр: Ауыр жүк көліктерін кім жіберді? «Көзіме шөп салды»: блогер Айым ажырасып кеткенін мәлімдеді (ФОТО) «261 келі балық аулаған»: Балқашта браконьерге қатысты үкім шықты Марокколық мигранттың қазасы: Италияда жаппай тәртіпсіздіктер басталды Бишімбаевтың ағасы бас бостандығына шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат Қарағанды орталығында жаңа асфальт тас-талқан болып жатыр: Ауыр жүк көліктерін кім жіберді? «Көзіме шөп салды»: блогер Айым ажырасып кеткенін мәлімдеді (ФОТО) «261 келі балық аулаған»: Балқашта браконьерге қатысты үкім шықты Марокколық мигранттың қазасы: Италияда жаппай тәртіпсіздіктер басталды

    «Байқоңыр» ғарыш айлағына заңсыз кірмек болған туристердің бірі шөлден өліп кетті

    «Байқоңыр» ғарыш айлағына заңсыз кірмек болған туристердің бірі шөлден өліп кетті

    Бұл туралы РИА Новости жазды.

    Шетелден келген экстремал туристердің көбі Байқоңырға заңсыз кіруге тырысып жатады. Екі француз да сөйткен.

    «Францияның екі азаматы ғарыш айлағына заңсыз кірмек болған. Екеуі «классикалық» жолды таңдапты. Тасжолға шығып, айдаладағы биік ғимараттарға қарай бет алған. Жолда біреуі өзін нашар сезінген», — деді агенттікке оқиғадан хабары бар адам.

    Екінші француз досына көмек бере алмай, тасжолға қарай кері жүгіреді. Тасжолға жетіп, өтіп бара жатқан көлікті тоқтатқанша, жағдайды түсіндіріп, көмек шақырғанша далада жатқан досы шөлден қайтыс болған. Маусым айында Байқоңырда ауаның орташа температурасы +33 градусқа дейін барады.

    Айта кетсек, былтыр ғарыш айлағына жақын тұрған қалаға кіру тәртібі туристер үшін жеңілдетілген. Соған қарамастан Франциядан ұшып келген екі шетелдік турист оған заңсыз кірмекші болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →