Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді •

    «Билікті басып алып, Шығыс Қазақстанды бөлу қажет»: референдум өткізуді мақсат тұтқан екі тұлға сотталды

    «Билікті басып алып, Шығыс Қазақстанды бөлу қажет»: референдум өткізуді мақсат тұтқан екі тұлға сотталды

    Фото: Pixabay

    ШҚО-ның екі тұрғыны билікті басып алу және сепаратистік әрекеттерді насихаттағаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

    Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды.

    «Тергеу барысында аталмыш тұлғалар 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды. Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттады», — деп хабарлады прокуратура.

    Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді.

    Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

    Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мәселелері құқық қорғау және арнайы органдардың ерекше бақылауында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →