Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді •

    «Германияда қазақ әйелі жоғалды». СІМ пікір білдірді

    «Германияда қазақ әйелі жоғалды». СІМ пікір білдірді

    Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда Қазақстан азаматы жоғалғанын растады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

    «2024 жылғы 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына Қазақстан азаматтары 2024 жылғы 3 маусымда қызының жоғалып кетуіне байланысты арыз түсті. Бас консулдық осы істі өтініш келіп түскен сәттен соң ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскеннен бастап біздің дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті», — деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

    Оның айтуынша, Германия заңына сәйкес қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді.

    «Сондай-ақ қазақстандық тарапының іске тікелей араласуға құқығы жоқ. Дипломаттар жоғалған әйелдің туыстарымен тікелей байланысты. Қазір неміс тарапына бұл істің жеке бақылауға алу және барлық қолғабысты көрсету туралы арнайы хат жолданды. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, (жоғалған әйелдің) туыстарына виза алып беру үшін жұмыс істеп жатырмыз», — деді ресми өкіл.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →