Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

    Біртанов ісі: сот үкімін өзгертпеді

    Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 соты бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр болған Олжас Әбішевтің апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме беріп.
    Бұған дейін судья Ибрагим Әлкенов Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті сот залынан босатқан. Өйткені, Біртанов өзіне тағылған бірінші айып бойынша, яғни, санитарлық авиация ұшағын заңсыз пайдаланды деген айыптан толық ақталып шықса, ҚР Қылмыстық кодексінің 361 бабы, 4 тармағы (билігін асыра пайдалану) бойынша Біртанов та, Әбішев те ақтала алмады. Бұл қылмыстары үшін Біртанов шартты түрде бес жылға, Әбішев төрт жылға сотталып отыр.
    Сонымен қатар, сот Біртанов пен оның орынбасарынан мемлекет пайдасына 1,5 млрд теңге, санитарлық авиация бортын пайдаланғаны үшін Біртановтың өзінен жеке 5,5 млн теңге өндіріп алуды талап еткен болатын.
    Біртанов бұл үкімімен келіспей, сотқа апелляция түсірген болатын. Алайда, бүгін, 10 ақпан күні сот оның апелляциясын қанағаттандырған жоқ.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →