Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді •

    «Бүйрегін езіп, бас сүйегін сындырып, темекіні арқасына басқан»: Алматыдағы әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың эксгумация қорытындысы шықты

    «Бүйрегін езіп, бас сүйегін сындырып, темекіні арқасына басқан»: Алматыдағы әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың эксгумация қорытындысы шықты

    Екі жыл бұрын қаза тапқан мерзімді сарбаз Алмас Шахимовтың туыстары эксгумация жасатып алты ай күткеннен соң, сараптама нәтижесімен бөлісті. Олардың күдіктері расталып, сараптама нәтижесінде сарбаздың денесінен пышақ жарақаты мен түрлі аяусыз соққылардың ізі анықталды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.  

    Алматы қаласында әскери борышын өтеуге кеткен Алмас Шахимовтың отбасына екі айдан соң қаралы хабар келген. Ол кезде өлімнің ресми себебін жазатайым оқиға деп берген. Сарбаз оқу жаттығу кезінде өзгелерге қауіпсіз жерге баруға көмектесіп, өзі қатты дауылдың әсерінен құлаған метал жабдықтың астында қалып, мерт болды делінген.

    “Алғашында бізде көптеген айғақ дәлелдер болғандықтан эксгумация жасатуға қарсы болдық. Алайда әскерилер кейін барлық айғақтарды, ұлымның әскери киімдерін, полигондағы бейнежазбалардың бәрін жойды” , – деді Алмастың анасы.

    Алайда осынша уақыт өткеннен соң марқұмның туыстарының күдіктері расталған.

    “Мәйіт сараптамасынан оң жағынан үш пышақ жарақаты, қылқындырған іздер, 26 дене жарақаты анықталған. Оның бүйрегін езіп, бас сүйегін сындырып, темекіні арқасына басып,  сөндірген”, – деп қосты анасы.

    Одан бөлек Алмастың айтуынша, өзі бағынышты болған офицер әскерге қабылдана сала жігіттің атына несие алғызған.

    “Алмасты әскерге көзіне ота жасалғаннан соң бірден алып кетті. Олар дәрігерлердің отадан соң жарты жыл физикалық күш салуға болмайды деген тыйымына қарамады. 27 мамыр оны алып кетті. Мамырдың 28-і күні ұлым Алматыға жетті. 29-да әскери бөліміне жетіп, 30-да оның атына несие рәсімделген”, – деді анасы.

    Алмастың отбасы екі жылдан бері әділдік үшін күрескен. Тіпті оларға әскерилердің өзі материалдық өтемақы төлейтінін, ақша, пәтер мен кіші қыздарын оқуға түсіруді ұсынған.

    Ұлттық гвардия тіпті сарбазға ерлігі үшін марапат та берген. Алайда жақындары бұл марапаттан бас тартқан. Себебі олар Алмастың шаңды дауылдан өзгелерді құтқарып емес, біреудің қолынан мерт болғанына сенімді.

    Еске салсақ, Алматы қаласындағы дәл сол әскери бөлімде Ербаян Мұхтар есімді сарбаз да ауыр жарақат алып, комаға түскенін хабарлаған едік. Оның да анасы әділдікті талап етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →