Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді •

    Шымкентте көлік өтетін көпір жартылай опырылды

    Шымкентте көлік өтетін көпір жартылай опырылды

    Шымкентте Жаңаталап шағынауданын қаламен байланыстыратын көпір жартылай опырылды. Аудан әкімі жергілікті тұрғындар үшін айналма жол мәселесін ойластыруға уәде берді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Журналистердің мәліметінше, Шымкенттегі Жаңаталап шағынауданында көлік өтетін көпір жартылай опырылған. Өткел халық көп қоныстанған елді мекенді қаламен байланыстырып тұрған.

    Төтенше жағдай болған жерде апатты қалпына келтіру жұмыстары басталды. Өткел жабылып, көпір арқылы өтетін жолды полиция қоршауға алды. Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков халыққа үндеу жасап, жергілікті билік көлік қозғалысына жаңа бағыт қарастырып жатқанын мәлімдеді.

    «Өздеріңіз көріп отырғандай, Жаңаталап ықшамауданы мен Сіргелі ауылын байланыстыратын көпір бұзылу себепті жабылды. Құрметті тұрғындар, А2 тасжолының бойында (жаңа зираттың қасында) қара жол барын білесіздер. Қазір арнайы карта әзірлеп жатырмыз. Бүгін түнде көлік қозғалысына қалыпты жағдай жасаймыз. Туындаған қолайсыздықтарға кешірім сұраймыз, түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз», — деді әкім.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →