Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты •

    Банкке барып, несие алуды сұрайды: Прокурорлар алаяқтықтың жаңа түріне қатысты ескерту жасады

    Банкке барып, несие алуды сұрайды: Прокурорлар алаяқтықтың жаңа түріне қатысты ескерту жасады

    Бас прокуратурасы елімізде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын, уақыт өткен сайын алданып қалған адамдардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.

    «Алаяқтар жәбірленушілерге құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде бейне-қоңырау арқылы хабарласып, белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атынан несие алуға әрекеттеніп жатқаны туралы жалған ақпарат береді. Осы „несиені“ жою үшін дереу жаңа несие алуға банк бөлімшесіне баруды ұсынады. Банктен алған несие ақшасын жаңа „қауіпсіз“ шотқа аударуды өтінеді. Бұл — алаяқтардың шоты», — дейді Бас прокуратура таратқан ресми хабарламада.

    Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлері видео-қоңыраумен ешқашан хабарласпайтынын, мұндай форматта жұмыс істемейтінін ескертеді. Бөтен адамға, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де банк мәліметтерін бермеу керек екенін, күмәнді жағдайлар туындағанда 115 нөміріне қоңырау шалу керегін ескертеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →