Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: 111 адам қаза тапты Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: 111 адам қаза тапты Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді

    «Қатындарыңыз сыйласа сүйіп береді»: желідегі видео елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)

    «Қатындарыңыз сыйласа сүйіп береді»: желідегі видео елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)

    «Қатындарыңыз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді» деген блогердің жарияланымы әлеуметтік желі қолданушыларын шулатып жатыр, деп хабарлайды Qazaq today ақпараттық агенттігі.

    Желі қолданушының түсірген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Видеода ер адамның әйелі оның аяғына массаж жасап, соңында табанын сүйген. Массаж процесін ер адамның өзі камераға түсірген.

    «Осылай массаж жасап боласыздар, соңында бір бонус былай, поцелуй», — дейді әйелі.

    Бұған ырза болған ер адам видеоны еліміздегі барлық ер адамға арнаған.

    «Әйелдеріңіз бен жандарыңызға, қатындарыңызға жіберіңіздер. Милары сынатын сияқты ғой. «Құдай сақтасын, мен олай жасамаймын» дейтіндер болады арасында. Қолдайтындар болады. «Молодец, осылай істеу керек» деп. Ал, көрейік, кім мықты екен? Жіберіңіздер қатындарыңызға. Қатындарыңыз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді», — деген автор.

    Желіде бұл видеоға қатысты әр түрлі пікір жазылған. Көбі бұл әрекетті ерсі қылық деп қабылдап жатыр.

    «Сыйластық – бұл аяқты сүю емес. Егер ол қатты құрметтесе, жабық киім киген дұрыс», «әйелін өзі қорлады, егер сіздің әпкеңіз біреудің аяғын осылай сүйсе, не сезінер едіңіз», «фу, қандай жиіркенішті», — деп жазады комментаторлар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →