Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты •

    Алматы тұрғыны TikTok-тағы жазбасы үшін жаза арқалады

    Алматы тұрғыны TikTok-тағы жазбасы үшін жаза арқалады

    Фото: Pixabay

    Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде ер адамды қорлайтын пост жариялағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    2023 жылдың қарашасында К. баласына мысық алу үшін хабарландыруларды іздеген. Сосын жарнаманы жариялаған Хакимовамен сөйлескен.

    «Біраз уақыттан кейін ер адамға бейтаныс әйел телефон соғып, әлеуметтік желіде ол туралы ақпарат жарияланғанын айтты. 2023 жылдың 11 қарашасында А.Хакимова әлеуметтік желіде азамат К-ның суретімен жазба жариялаған», – делінген хабарламада.

    Жазбаны ер адамның отбасы мен балалары да көрген. Оқушылар күйзеліске түсіп, тіпті мектепке барғысы да келмепті. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға арыз жазған.

    «Хакимова өз кінәсін ішінара мойындап, постты қателесіп жариялап, кейін бірден өшіріп тастағанын түсіндірді. Алайда ер адам посттың бірден өшірілмегенін, ұзақ көндіргенін айтты.Ол әйелмен татуласпайтынын айтты», – деп мәлімдеді Алматы қалалық соты.

    Психологиялық-филологиялық зерттеу постта адресатқа қатысты жағымсыз ақпарат бар екенін мәлімдеді.

    «Хакимова басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе беделiне нұқсан келтiретiн көрiнеу жалған мәлiметтердi жария түрде таратқаны үшiн кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК яғни 664 560 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

    Сот құқықбұзушының жеке басын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл сомасын 30% азайтып, соңында 465 192 теңге айыппұл салуды дұрыс деп тапты.

    Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі заңдылығы мен негізділігіне байланысты өзгеріссіз қалдырылды.

    Сондай-ақ соттың баспасөз қызметі 11 сәуір мен 23 мамырда Хакимова істі қайта қарау туралы өтініштер жолдағанын, бірақ Жоғарғы сот бұған негіз көрмегенін айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →