Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,6 541,2 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дастан Сәтпаев «Челсидің» жаңа маусымдағы негізгі үш шабуылшысының қатарына енді Тоқаев Таиланд королін туған күнімен құттықтады Халықты тонау: Түлкібас әкімдігі заңсыз айыптұрақ ашуға рұқсат берген Жақ сүйегінің 60 пайызын зақымдаған: Ақтауда аурымаған баланы емдемек болған тіс дәрігерлері жазаланды Жезқазғандағы демалыс орыны қоқыс полигонына айналған Маңғыстауда әйел Каспий теңізіне батып кетті Дастан Сәтпаев «Челсидің» жаңа маусымдағы негізгі үш шабуылшысының қатарына енді Тоқаев Таиланд королін туған күнімен құттықтады Халықты тонау: Түлкібас әкімдігі заңсыз айыптұрақ ашуға рұқсат берген Жақ сүйегінің 60 пайызын зақымдаған: Ақтауда аурымаған баланы емдемек болған тіс дәрігерлері жазаланды Жезқазғандағы демалыс орыны қоқыс полигонына айналған Маңғыстауда әйел Каспий теңізіне батып кетті

    Қазақ қызы Бельгияда парламенттік сайлауға түсіп жатыр

    Қазақ қызы Бельгияда парламенттік сайлауға түсіп жатыр

    Қазақ қызы Назгүл Балмұхан Бельгияда Брюссель парламенті депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түсіп жатыр, – деп хабарлайды Qazaq.today Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

    Ол осы жексенбіде өтетін Парламент сайлауына, Бельгияның ашық фламандтық либералдар және демократтар партиясының атынан түсіп, бақ сынамақ.

    Қарағандының тумасы 90-жылдардың басында жұмыс бабымен Бельгияға барып, сол жерде отбасын құрған. Екі баланың анасы. Брюссельдегі сотта орыс, ағылшын, француз, нидерланд тілдерінен тәржімалайтын аудармашы. Қазір партияластарымен бірге саяси науқанға қызу дайындық үстінде.

    – Брюссель парламентіне өтіп жатсам сайлаушылардың күнделікті тұрмысын жақсарту үшін көп іс атқарар едім. Сондай-ақ мен Брюссель мен Астананың, Бельгия мен Қазақстанның парламенттік делегацияларының арасындағы достық қатынасты дамытуға бар күш-жігерімді саламын, – деді Бельгияның ашық фламандтық либералдар мен демократтар партиясының мүшесі Назгүл Балмұхан.

    Сондай-ақ Назгүл Балмұхан екі ел азаматтарының байланысын нығайтуға тырысатынын айтты.

    – Назгүл Балмұхан адамдарды сендіруге мықты. Егер ол бір істі бастаса, соңына дейін жеткізбей, тынбайды. Ол күні бойы үйді-үйді аралап, пошта жәшіктеріне ақпараттарды салып, сайлаушылардың сеніміне ие болуға тырысып жүр. Ол қазақ қоғамы, Брюссель қоғамы үшін аянбай еңбектенеді. Сондықтан, ол – лайықты кандидат, – дейді Брюссельдің қаржы және бюджет министрі, «Open vld» партиясының мүшесі Свен Гатц.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →