Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты •

    «Есіме түссе, қалтырап кетемін»: актер Азамат Сатыбалды ұлы Абайдың рөлін сомдағанына қынжылатынын айтты

    «Есіме түссе, қалтырап кетемін»: актер Азамат Сатыбалды ұлы Абайдың рөлін сомдағанына қынжылатынын айтты

    Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды «Уақыт көрсетеді» жобасына берген сұхбатында Абай Құнанбаевтың рөлін ойнағаны үшін қынжылатынын айтты , – деп хабарлайды Qazaq.today.

    Актер Абайдың рөлін тым жас кезінде сомдағандықтан тұлғаның образын толық аша алмадым деп ойлайды.

    «М.Әуезов театрында Абай рөлін ойнағаным үшін әлі күнге дейін қынжыламын. Кейде бір рөлдер болады, адамға бір мініс бергізбейді, ал кейбір рөлдер адамға ерте келіп қояды, уақытынан бұрын. Мен Абайды 30 жасымда ойнадым. 30 жастағы албырт бала қалай Абайдың философиясын жеткізеді? Тұлғаны? Қалай өзіңе сіңіріп, қорытып, оны көрерменге жеткізесің? Өте қиын ғой. Мен енді Есмұхан Обаевқа қарсы келе алмадым, ол менің өнердегі әкем болды. Мүмкін ол мені сындырғысы келді, Абаймен сынағысы келді, өсіргісі келді. Мен ол кісіге ешқандай қарсылық білдіре алмаймын. Мен ол кісінің ішінде не жатқанын білмеймін. Өзінің бір мақсаты бар шығар деп ойлаймын. Енді, сол Абай рөлін ойнау мен үшін өте ауыр болды, қиынға соқты. Әлі күнге дейін жүрегім ауырады, әлі күнге дейін есіме түссе, қалтырап кетемін. Қазір берсе, мүлде басқаша ойнар едім. Мен қазір басқа жастамын. Өмір көрдім, тепкі көрдім, ел, ұжым басқарып көрдім», — дейді актер.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →