Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды •

    Тоқаев Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

    Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады, деп жазды Ақорда.

    ТЖМ басшысы президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

    Сонымен қатар президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →