Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда «МАЗ» жүк көлігі тепловозбен соқтығысты • Ташкентте 19 қазақстандық, оның ішінде 11 бала, ауруханада ем қабылдап жатыр • Шоқан Уәлиханов: 29 жылға сыйған ғұмыр • «Басқа әйел көңілін аулады»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты • Амангелді Құрмет Қазақстан мен Түркия байланысының бір қырына назар аударды (ВИДЕО) • «Қызым екенін бірден сездім»: Наташа Қалымбетова 32 жылдан кейін қызымен қауышты • Ақтауда «МАЗ» жүк көлігі тепловозбен соқтығысты • Ташкентте 19 қазақстандық, оның ішінде 11 бала, ауруханада ем қабылдап жатыр • Шоқан Уәлиханов: 29 жылға сыйған ғұмыр • «Басқа әйел көңілін аулады»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты • Амангелді Құрмет Қазақстан мен Түркия байланысының бір қырына назар аударды (ВИДЕО) • «Қызым екенін бірден сездім»: Наташа Қалымбетова 32 жылдан кейін қызымен қауышты •

    Батыс Қазақстан Медицина университетінің ректоры қамауға алынды — БАҚ

    Батыс Қазақстан Медицина университетінің ректоры қамауға алынды — БАҚ

    Фото: gov.kz

    28 мамырда облыстық «Антикор» жедел уәкілдері «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректор Әсет Қалиевті ұстап, үйінде тінту жүргізді деген хабар тарады, деп жазады Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Ratel.kz сайтының жазуынша, Қалиев 12 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

    Облыстық Антикор мен облыстық прокуратура бұл мәселе бойынша әзірше нақты ақпарат тарата қойған жоқ.

    Әсет Қалиев Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын хирургия мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы университетті бітіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпитальдық хирургия кафедрасында клиникалық ординатор болып еңбек жолын бастаған.

    Қалиев 2022 жылдың қыркүйегінен бастап М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры қызметін атқарып келген. Оған дейін Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →