Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    Семейде бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

    Семейде бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті
    ​​​​​​​Фото: Семей қаласы әкімдігі

    Семейде бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай жұлынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    26 мамыр күні сағат 17:45 шамасында Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне көпқабатты тұрғын үйдің төбесі салбырап, құлау қаупі бар екендігі туралы ақпарат келіп түскен.

    Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жалпы 160 шаршы метр шатырдың 70 шаршы метрі шығып кеткенін айтты.

    1984 жылы салынған үй Глинка көшесі, 35-үйде орналасқан.

    Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әкімдіктің бөлім басшылары мен Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қымбат Көпбаевпен көшпелі кеңес өткізді.

    Оқиға орнында өткен жиынның қорытындысы бойынша әкім адам өміріне қауіп төндіретін шатыр бөліктерін демонтаждап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →