Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы •

    Павлодар облысында зираттар цифрланып жатыр

    Павлодар облысында зираттар цифрланып жатыр

    Фото: Kazinform

    Зират басындағы құлпытастар суретке түсіріліп, арнайы платформаға енгізіледі. Жобаға өңір бойынша 20-ға жуық мұсылман зираты қосылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Мұсылман зираттарындағы құлпытастарды цифрлы жүйеге енгізу бұған дейін Астана және Шымкент қалаларында жүргізілген. Ендігі кезекте бірнеше облыспен бірге Павлодар өңірінде де қолға алынып жатыр. Бірыңғай платформа болашақта туыс-туғандарыңыздың жерленген жерін іздеген уақытта ыңғайлы болады, деп жазады kaz.inform.kz.

    «Біздің еріктілер зираттың басындағы құлпытасты фотоға түсіріп, базаға енгізеді. Құлпытасы бар аты-жөндер платформада тұрады. Ал жазуы өшіп қалған құлпытастар мен аты жазылмаған қабірлерді анықтау үшін зират басындағы шырақшылармен жұмыстар жүргізіледі», дейді «Қамқор-Шапағат» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы.

    Әзірге Павлодар облысы бойынша 20-ға жуық мұсылман зираты жүйеге қосылады.

    Бұдан бөлек, «Қамқор-Шапағат» орталығының бастамасымен «Жерлеу» қосымшасы қолданысқа енгізілмек. Онда жерлеу, ас беру, жерлеу орны, қайтыс болғаны туралы анықтамалар алуға болады. Осылайша зират көтеруде бірізділік мәдениеті қалыптасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →