Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты •

    Павлодар облысында оқушылар арасында жаппай төбелес болды

    Павлодар облысында оқушылар арасында жаппай төбелес болды

    Фото: kavkaz-uzel.eu

    Павлодарда интернатта оқушылар арасында төбелес болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі kerek Telegram-арнасына сілтеме жасап.

    Бейресми ақпарат бойынша, 16 мамырда кадет корпусында 40 оқушы “сынып сыныппен” жаппай төбелескен. Салдарынан үш жасөспірім әртүрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.

    Павлодар облысының полиция департаменті Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында төбелес болғанын растады.

    «Іс жүргізу барысында полиция қызметкерлері кабинеттердің бірінде төбелес болғанын анықтады. Үш оқушы дене жарақатын алды. Оқушыларға медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді», — деді ведомство.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →