Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 447,7↓€ 511,6↓₽ 5,31↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбе облысында аспандағы жарық құбылысы зымыран ұшырылымымен байланыстырылды • Дастан Сатпаев енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы емес • 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды • Қылмыстан зардап шеккендерге өтемақы: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек • Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды • «Нөлдік тариф – тегін өңдеу емес»: сарапшы Қазақстандағы мыс өндірісіне қатысты мәселені көтерді • Ақтөбе облысында аспандағы жарық құбылысы зымыран ұшырылымымен байланыстырылды • Дастан Сатпаев енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы емес • 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды • Қылмыстан зардап шеккендерге өтемақы: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек • Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды • «Нөлдік тариф – тегін өңдеу емес»: сарапшы Қазақстандағы мыс өндірісіне қатысты мәселені көтерді •

    Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барды

    Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барды

    Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігіне барып, Президент Ибрахим Раиси мен Үкімет делегациясы мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қаза табуына байланысты иран халқына көңіл айтты және қолдау білдірді.

    Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

    – Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің және Үкімет делегациясы мүшелерінің мезгілсіз қазасы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Өз ұлтының ұлы перзенті Ибрахим Раиси – Отанына адал қызмет еткен тұғырлы тұлға. Біз оны парасатты басшы, беделді саясаткер, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор еңбек сіңірген қайраткер ретінде әрдайым есте сақтаймыз. Қазақ халқының және өзімнің атымнан ирандық бауырларымызға қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат, рухы пейіште болсын! – деп жазды Мемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →