Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады • Монтеррейде Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды • Президент 11 қарашада Мәскеуге барады • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады • Монтеррейде Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды • Президент 11 қарашада Мәскеуге барады •

    Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

    Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

    Фото: Ақорда

    «Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Президент сонау 1989 жылы іргесі қаланған ұйымның Егемен ел тарихындағы орны бөлек екенін атап өтті.

    – Кезінде көрнекті ғалымдар – академиктер Әбдуәли Қайдар және Өмірзақ Айтбайұлының бастамасымен құрылған «Қазақ тілі» қоғамының тарихи жолын қазіргі буын өкілдері мен белгілі тіл мамандары лайықты жалғастырып келе жатыр. Бүгінде ұйым мүшелері көптеген тиімді іс-шараларды, жасампаз жобаларды табысты жүзеге асыруда, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» қоғамының әр мүшесіне шынайы ризашылығын білдірді.

    – Заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Тіл мерейі – ел мерейі» деген қысқа-нұсқа, мағынасы терең сөзі бар. Тіл – баршамызға ортақ құндылық. Тіл – Алланың құдіретінің арқасында адамдарға берілген үлкен сый әрі мүмкіндік. Тіл – адамзаттың негізгі жетістігі. Адам баласының ойдағыдай дамуының ең басты себебі де – тіл. Біз өркениетті ел ретінде ана тіліміз – қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін бір ел болып табанды жұмыс істеуіміз керек. Бүгінгі жиынның басты мақсат-міндеті де – осы, – деді Президент.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →