Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында 31 жастағы келіншек төртем босанды • Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында 31 жастағы келіншек төртем босанды • Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды •

    Декларацияны дұрыс тапсырмаған азаматтарды қандай жаза күтеді?

    Декларацияны дұрыс тапсырмаған азаматтарды қандай жаза күтеді?

    Фото: pixabay

    Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова декларацияны дұрыс тапсырмаған тұлғалар қандай әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    «Декларацияны ұсынбағаны үшін бір жылда бірінші рет – ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 55 380 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Декларацияда азамат толық емес немесе сенімсіз ақпаратты ұсынғаны үшін бірінші рет ескерту алады, ал қайталап бұзса, 11 076 теңге (3 АЕК) көлемінде айыппұл төлейді», — деді ол «Жалпыға бірдей декларациялаудың» III-кезеңіне қатысты өткен семинарда.

    Сондай-ақ спикер салық салу объектілерін жасырған үшін қандай жаза күтетінін атап өтті.

    «Бір жыл ішінде бірінші рет – төленбеген салық сомасының 200 пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – төленбеген салық сомасының 300 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады», — деді Құсайынова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →