Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі

    «Қызыңның басын әкеліп беремін»: Әзірбайжан азаматы қостанайлық әйелді бір жыл аңдып, ұрып-соққан

    «Қызыңның басын әкеліп беремін»: Әзірбайжан азаматы қостанайлық әйелді бір жыл аңдып, ұрып-соққан

    Фото: Nemolchi.kz

    «Немолчи.кз» қорының басшысы Дина Таңсәрі қостанайлық әйелге Әзірбайжан азаматы тыныштық бермей, бір жыл бойы қудалап, ұрып-соғып жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

    «Қостанайдағы біздің қорғауымыздағы әйелді Әзірбайжан азамат қудалап, ұрып-соғады. Жәбірленушіні қызыңның “басын әкелемін», «сүйектерін сындырамын» деп қорқытады екен. Ол бізден көмек сұрады. Әйел 2023 жылдың жазында онымен қарым-қатынасын үзген. Алайда қорқыту мен ұрып-соғу әлі де жалғасып жатыр. Қорымызға жәбірленушінің қызы көшеде ұрып-соққан видеоларды жолдады”, — дейді «Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Дина Таңсәрі.

    Анықталғандай, Әзірбайжан азаматы еліміздің визалық режимін де бұзған. Өйткені, Дина Таңсәрінің айтуынша, Қазақстан соты оны 27 сәуірде елден шығару жайлы үкім шығарған. Алайда 17 күн өтсе де, полиция оны әлі таба алмай жүрген көрінеді. Дина Таңсәрінің айтуынша, полиция оны бір рет ұстап, қайта босатқан.

    «Соңғы рет оны Астанада ұстаған. Аудио хабарламалар мен фотосуреттерге қарағанда, ол полициядан жауап алғаннан кейін әйелді ары қарай қорқытып, полиция қызметкерлерінен темекі тұтатқыш алып, тіпті дүкенге сыра ішуге барған. Бұндай адамдарды 2-3 сағат осылай ұстайтын сияқты.  Ал әйел бүкіл Қазақстанды шарлап, одан жасырынуға мәжбүр», — дейді ол.

    Таңсәрі атағандай, ер адам әйелдің телефонын да ұрлап кеткен. Бірақ бұл факт бойынша іс басталмаған. Мүліктік шығындар болған, бірнеше рет есікті бұзып, айналасындағы заттарды қиратқан.

    «Қызы қазір ол азаматты елден шығаруды сұрап отыр. Ішкі істер министрлігі, Қостанай прокуратурасы, Қостанай полиция департаменті бұл істі бақылауға алу керек. Бұл азамат бір жыл бойы қорқытуын жалғастырып келеді, оны елден шығару керек. Бұл өте қауіпті адам. Істің соңы трагедияға ұласуы мүмкін», — деп көмек сұрады Дина Таңсәрі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →