Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Фото: @Futsalkazakhstan

    Қазақстан құрамасы Кишинёвте өткен «Socca EuroCup-2024» финалында 3:0 есебімен Хорватия командасын жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

    Сокка – мини-футболдың бір түрі болып саналады. Бұл жерде ойыншылар саны мен алаңның көлемінде айырмашылық болады. Матч 6-да 6 ойыншы форматында, 20 минуттан екі тайм бойынша өтеді.

    Ойынның алғашқы минутында қазақстандықтар екі рет гол салды. Абай Елемесов (2-ші минут) пен Бекруз Пишкар (15-ші минут) команданы алға шығарды. Матчтың екінші жартысында Талғат Өтепбергенов 39-шы минутта командаға тағы бір гол сыйлады.

    Осылайша, соккадан ел құрамасы екінші жыл қатарынан Еуропа чемпионаты титулын иеленіп отыр. Былтыр Қазақстан финалда Румынияны ұтқан еді.

    Федерацияда биыл финалға жеткенге дейін команда 7 рет жеңіске жеткенін айтты:

    • Қазақстан 3:0 Оман
    • Қазақстан 1:1 Германия (2:1 буллит бойынша)
    • Қазақстан 2:1 Испания
    • Қазақстан 9:2 Бельгия
    • Қазақстан 3:2 Оман
    • Қазақстан 5:1 Кипр
    • Қазақстан 3:0 Италия

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →