Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ташкентте 18 қазақстандық ауруханаға түсті: елшілік мәліметі • Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • Ташкентте 18 қазақстандық ауруханаға түсті: елшілік мәліметі • Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады •

    Жамбыл облысында 105 млн теңге бюджет қаржысын жымқырғандар ұсталды

    Жамбыл облысында 105 млн теңге бюджет қаржысын жымқырғандар ұсталды

    Фото: Pixabay

    Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны анықталды.

    30 наурызда аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді.

    Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

    ҚПК-нің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →