Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді •

    Риддер қаласының әкімі қызметінен кетті

    Риддер қаласының әкімі қызметінен кетті

    Фото: egemen.kz

    Риддер әкімі Дәулет Батырбаев қала басшысы лауазымына тағайындалғанына сегіз ай енді болғанда отставкаға кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агентігі.

    Noks.kz сайтының жазуынша, Дәулет Батырбаев өзінің отставкаға кету себебін отбасылық жағдайларға байланысты деп түсіндірген. Ол әкім қызметінде аз уақыт болғанына қарамастан үлкен жұмыс атқарқанын атап өтті.

    «Қаланы жылыту мәселесінде құлдырауға жол бермедік, екі жаңа мектеп салуға бастамашы болдық, тұрғын үй массивтері мен кәсіпорындардан еріген қар суын бұру бойынша көктемгі сынаққа төтеп бердік, қоғамдық көліктерге қатысты мәселе шешілді. Қалада мәдени — ойын-сауық жұмыстары, спорт шаралары жанданды», — деді Батырбаев.

    Осылайша экс-әкім әлеуметтік желілердегі оған айтылған сын проблемаларды көруге және оларды тез жоюға көмектескенін атап өтті.

    Әзірге Риддер басшысының міндетін әкімнің орынбасары Марат Байжүменов атқарады. Ол ТКШ, құрылыс және өнеркәсіп мәселелерін қадағалайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →