Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді •

    Атыраудағы екі баланың өлімі: пәтерді біреулер әдейі өртеген

    Атыраудағы екі баланың өлімі: пәтерді біреулер әдейі өртеген

    Фото: atyrau_tjd инстаграм парақшасынан

    Атырау облысының полиция департаменті екі баланың өмірін жалмаған пәтердегі өртке қатысты тың ақпарат айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Полицейлер өрт қойған ер адамды ұстады.

    «Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында қалған жанармай құйылған ыдысты тапты. Жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетінен ыдыспен бензин сатып алған 31 жастағы ер адам бейнекамералардың көмегімен анықталды. Ол зардап шегушінің танысы болып шықты», — деп хабарлады полиция.

    Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті Оралға бара жатқан жерінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.  31 жастағы күдіктіге қатысты «аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру фактісі» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →