Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алькарас қорытынды турнирде тұңғыш рет жеңімпаз атанды • Дияр Нұрғожай: Рейтинг — бұл жай ғана сан • Дияр Нұрғожай Шавкат Рахмоновты UFC турнирінің басты жекпе-жегіне ұсынды • Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров кездеседі • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі • Алькарас қорытынды турнирде тұңғыш рет жеңімпаз атанды • Дияр Нұрғожай: Рейтинг — бұл жай ғана сан • Дияр Нұрғожай Шавкат Рахмоновты UFC турнирінің басты жекпе-жегіне ұсынды • Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров кездеседі • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі •

    Түркістанда әкімдік қызметкері балабақша иесін ұрған

    Түркістанда әкімдік қызметкері балабақша иесін ұрған
    Фото: Сакен Хандиллаев фейсбук парақшасынан
    Түркістан облыстық білім басқармасында өткен комиссия отырысында әкімдік қызметкері балабақша иесіне күш қолданған. Бұл сәттің видеосы отырыстың түсірілімі кезінде түсіп қалған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

    Бейнежазбаны Түркістан қалалық мәслихат депутаты Сәкен Хандиллаев Facebook-парақшасында жариялады.

    «Әкімдіктен пана, көмек сұрап келіп жатқан халық келіп, таяқ жеп кетіп жатса,  «Мемлекеттік қызмет туралы» заң бұған не дейді?  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұған не дейді, әлде мемлекеттік қызметкерлерге  арналған заң тек  аудандар мен ауыл әкімшіліктерінде қызмет жасайтын жәй мамандарға ғана қолданылады ма?», — деп жазды автор.

    Бұл жайт облыстық білім басқармасында өткен балабақшалар жөніндегі комиссия отырысы кезінде болған. Соққыға жығылдым деген әйел балабақша иесі екен. Отырыс кезінде әйел азаматтары арасында жанжал туындаған. Видеодан әкімдік қызметкерінің балабақша иесіне ашуланып, кейін жұлқылап, қол көтергенін көруге болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →