Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері •

    Риддер тұрғынының үйінен 7 келі есірткі табылды

    Риддер тұрғынының үйінен 7 келі есірткі табылды

    Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы тұрғынының үйінен 7 келі есірткі табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел уәкілдер үйде аса ірі мөлшерде марихуана сақтаған Риддер қаласының тұрғынын ұстады.

    «Күдіктінің жер үйін тінту кезінде салмағы 7,2 келіден асатын, құрамында өсімдік тектес есірткі затына ұқсас екі картон қорап, екі қағаз орамасына салынған қара пакет және есірткіні қолдануға арналған ыдыс тәркіленді. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысына сәйкес, пакет ішіндегі кептірілген марихуана екені белгілі болды», — делінген ақпаратта.

    Тәртіп сақшылары есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Күдікті 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →