Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті •

    Алматыда алаяқтықпен пайда көрмек болған мердігерге 900 млн теңгенің жұмысы жүктелді

    Алматыда алаяқтықпен пайда көрмек болған мердігерге 900 млн теңгенің жұмысы жүктелді

     Алматы қаласында сорғы станциясы бар су құбыры мен кәріз тарату желілерін салу жұмыстарының құнын көтермелеген мердігер өз есебінен 900 млн теңгеге қосымша жұмыстарды орындайтын болады.

    Еске сала кетейік, оңтүстік мегаполистің Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы құны 9,1 млрд теңге болатын жобаны іске асыруда. Бұл қаражатты жобалаушы «ҚазақСантехпроект» ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы жасау кезінде құрылыс материалдарын тасымалдау және сатып алу шығындарының құнын арттыру жолымен ұрлау үшін алғышарттар жасаған.

    Қаржылық мониторинг агенттігі тексерісінің нәтижесінде топырақ тасымалдау арақашықтығы жобада көзделгеннен 30 км жақын екендігі анықталды.

    «Бұдан басқа, қолданылатын құрылысматериалының көлемі 1,5 мың тоннаға артық жобаланған. Бағаны асыра көрсету фактісі анықталған кезде объектінің дайындығы 93% құрады, яғни 9,1 млрд теңгенің 8,4 млрд теңгесі игерілген. Осыған байланысты, ҚМА бастамасы бойынша Алматы қаласының әкімдігі «СапаҚұрылыс 2007» ЖШС бас мердігеріне жобада көзделмеген жұмыстардың көлемін 900 млн теңгеге ұлғайтты (қосымша 500 абонент қосу, құдықтар орнату және т. б.)», — деп жазды ведомстводан.

    Бұл жұмыс әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту процесіне қатысушылар тарапынан ұрлықтың алдын алуға және оларды қылмыстық және сот талқылауларының орбитасына тартудан қорғауға бағытталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →