Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті •

    Тоқаев Қостанай облысына ұшып барды

    Тоқаев Қостанай облысына ұшып барды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы су тасқынына байланысты жағдаймен танысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Президент борты Қостанай облысына ұшып келді.

    Облыс әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына байланысты өңірдегі алты аймақта төтенше жағдай жарияланғанын айтты. Облыстағы 492 ауылдың 11-і су тасқынынан зардап шекті. Қазіргі кезде жағдай тұрақталды. Алайда әлі де 51 үй су астында қалып отыр. Бұдан бөлек, 4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді. Нәтижесінде Қостанай мен облыстың оңтүстігіндегі аудандар арасында көлік қатынасы қиындап, 13 елді мекенді электрмен қамтамасыз ету мәселесінде түйткілдер пайда болды.

    Сонымен қатар Президентке облыстың негізгі гидротехникалық нысандарының, атап айтқанда Қаратомар, Жоғарғы Тобыл және Желқуар су қоймаларының жай-күйі жөнінде мәлімет берілді. Құмар Ақсақалов елді мекендер мен инфрақұрылымдарға төнетін қауіптің алдын алу үшін су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері ұдайы бақылауда ұсталатынын айтты.

    Жалпы, өңірдегі дамбаларды бекіту, инертті материалдарды төгу нәтижесінде Тобыл қаласын, Амангелді ауданының орталығын және басқа да елді мекендерді су басу қаупінен сақтап қалу мүмкін болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →