Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті •

    Құлсарыда әлі 2748 үй суда тұр

    Құлсарыда әлі 2748 үй суда тұр

    Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева өңірдегі тасқыннан ең көп зардап шеккен Жылыой ауданындағы жағдай туралы мәлімет ұсынды.

    «Жылыой ауданындағы ахуал төтенше жағдайлар қызметінің қатаң бақылауында. Құлсары қаласында Жем өзенінің су деңгейі тәулік ішінде 20 сантиметр төмендеді. Жалпы тасқын басталғаннан бері 136 сантиметр төмендегенін айту керек. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

    Айтуынша, тасқын салдарын жою үшін ауданда 229 техника, 3 066 адам, 17 жүзу құралы, 31 моторлы су сорғыш жұмылдырылған.

    «Қазіргі таңда Құлсары қаласында 2748 тұрғын үй мен ғимарат әлі су астында тұр. Бұл үйлерден су сору жұмыстары жүріп жатыр. 

    Тасқын басталғаннан бері Жылыой ауданында 30 мың текше метрден астам су сорылып, 190 мыңнан астам құмқап төселді, 200 мың тоннадан астам инертті материал құйылды», — деді Айсұлу Келдіғалиева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →