Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері •

    Ресей өзендерінің суы қауіпті деңгейде көтеріліп жатыр

    Ресей өзендерінің суы қауіпті деңгейде көтеріліп жатыр

    Фото: Pixabay

    Ресей территориясындағы Есіл өзенінде су қауіпті деңгейіне көтеріліп жатыр, билік Тюмень облысындағы аттас қаланың тұрғындарын шұғыл эвакуациялауға шақырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    РИА Новости мәліметінше, 60 мың халқы бар Есілде таңғы алтыдан бастап шұғыл эвакуациялау қажеттілігі туралы SMS жолданып жатыр.

    «Есіл тұрғындарына су басуы мүмкін аймақтардағы үйлерден шұғыл эвакуациялауға шақырылған SMS-хабарламалар келді. Есіл өзенінде судың қауіпті деңгейге көтерілуі жүріп жатыр. Қалада уақытша орналастыру пункттері ашылды», — делінген ақпарат орталығының хабарламасында.

    Бұған дейін аймақтық билік 139 елді мекенді су басу қаупі бар деп хабарлаған болатын. Өзендердегі су деңгейі 800 см қауіпті деңгейге жеткенде, 15-17 сәуір аралығында қатты су тасқыны болады деп болжануда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →