Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды •

    Түркістан тұрғындары «Әділдік және Өркендеу» белсенділерімен бірге Құлсарыға гуманитарлық жүк жөнелтті

    Түркістан тұрғындары «Әділдік және Өркендеу» белсенділерімен бірге Құлсарыға гуманитарлық жүк жөнелтті

    Фото: adildik.org.kz

    Жексенбі күні Түркістан өңірінен Атырау облысының Құлсары қаласына «Қасиетті Түркістаннан Құлсарыға» атты алғашқы гуманитарлық жүк көлігі аттанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Акцияға Түркістан облысының тұрғындары қатысып, жылу жинады. «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры гуманитарлық жүкті жіберуге қаржылай қолдау көрсетті.

    «Біздің белсенділер зардап шеккен аймақтармен үнемі байланыста. Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама арқылы біз гуманитарлық көмектің нақты тізімін анықтадық. Құлсарылықтарға азық-түлік, гигиеналық және тұрмыстық заттар, күректер және қазандықтар жинадық. Сондай-ақ арнайы киімдер мен батпақ кешуге арналған резеңке етіктер жіберілді. Жүктің жалпы салмағы 30 тоннаны құрады», — деп бөлісті қоғам белсенділері.

    Қор өкілдерінің айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек жеткізу жалғасады. Бұл «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өңірлерді қалпына келтіру ортақ ісіне қосқан үлесі және қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарды қолдауға бағытталған қадам.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →