Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады

    Құлсарыда әкесімен бірге судан мәйіті табылған жігітке қатысты тың дерек шықты

    Құлсарыда әкесімен бірге судан мәйіті табылған жігітке қатысты тың дерек шықты

    Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында 6 сәуірде жоғалып кеткен 24 жастағы жігіттің денесі табылды.

    Жылыой ауданының Құлсары қаласы, 4 ауыл Автожолшылар шағын ауданы тұрғылықты мекенжайынан 1 шақырым жерден, №8 мектеп аумағының сыртынан 2000 жылы туған Нұржауов Асылхан Болатбекұлының мәйіті судан табылды, – деп хабарлады Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Жігітті іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің 39 жеке құрамы, 1 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.

    Бұған дейін Құлсары қаласында 48 жастағы ер адамның ұлымен бірге су басқан үйін көруге шыққаны, бірақ оралмағаны хабарланған болатын. Кейін олардың көлігі табылды. Трактор жолдан шығып, аударылған көрінеді.

    Айта кетсек, бүгін марқұм Асылхан Нұржауовтың әкесінің мәйіті де табылған болатын.

    Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай жас жігіттің бүгін үйлену тойы белгіленгенін айтып, жазба жариялады. Марқұмның болашақ қайын әпкесі жігіттің мәйітін бермей жатқанын айтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →