Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қылқындырған — сарапшы

    Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қылқындырған — сарапшы

    Фото: Жоғарғы сот

    Сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алып, қалай қайтыс болғанын айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі el.kz-ке сілтеп.

    Сарапшы осы салада 1991 жылдан бері қызмет атқаратынын да атап өтті. Оның айтуынша, Салтанат Нүкенованың мәйітіне қосымша талдау жүргізу қажет болған.

    Сарапшы манекенге жарақаттарды салып көрсетті. Көкпен боялғандар — көгерген жерлер, қызыл — жаралар. Оның айтуынша, бетіне, бас сүйегіне 12-13 соққы тиіп, соның бәрі жиналып, өлімге әкеліп соққан. Сондай-ақ марқұмның мойынында қылқындыру белгілері байқалған.

    «Бас аймағына бет пен ми, бас сүйек кіреді. Бірнеше соққыдан субдуральды гематома пайда болып, ол миын езіп тастаған. Ауыр дәрежедегі жарақаттар келтірілген. Құлағаннан мұндай жарақаттар пайда болмайды. Ол үшін адамды шашынан ұстап, қабырғаға соғу керек. Ол да соққы салуға жатады. Ал адам есін біліп, құлаған жағдайда барынша басын жарақат алудан сақтап қалуға тырысады», – дейді сарапшы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →